«АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» марафоны Қаратөбе ауданының ауылдық округтерінде
2018 жылдың 20 – 29 тамыз аралығында «АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Қаратөбе ауданының Аққозы, Егіндікөл, Жусандой, Қаракөл, Қаратөбе, Қоскөл, Саралжын және Сулыкөл ауылдық округтеріне табысталды.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелері жасақталып, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, спорттық шаралар мен мерекелік концерттержәне флэшмобтар, велошерулер ұйымдастырылды.
Марафонның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру.
