«Адал жар-аяулы ана» байқауы өтті.
Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адал жар-аяулы ана» байқауы өтті. Шараның басты мақсаты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы ана рөлін айқындау, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу. Аталмыш байқау онлайн форматта өтті, яғни байқауға қатысушылар бейнероликтер жіберіп, солардың ішінен үздіктер анықталды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Батырова Жангүл иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды Галиева Аякөз бен Ялпакова Айдана өзара бөлісті.
