ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жаңа оқушылармын толықты

2019 жылдың 10 желтоқсан күні Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатында «Адал бол – адам бол» атты шарасы өтті.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, мектеп директоры С.Ж.Шайхиева, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Лицейдегі медиа клуб мүшелерінің дайындаған бейнеролигі көрсетілді. Қысқа сюжеттен тұратын бейнеролик әр адамның санасына ой салады.

Департамент өкілі Б.М.Хайруллин қатысушыларға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын, қоғамда парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру мәселелері, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы, шетел тәжірибесі туралы ақпараттандырды.

Шара «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына жаңадан мүшелер қабылдаумен жалғасып, Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин және мектеп директоры С.Ж.Шайхиева төсбелгілерді тақты.

Жаңадан қабылданған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелері ант қабылдап, өз өнерлерін көрсетті.