«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті
2018 жылдың 03 қазанда «Дарын» қосымша білім беру орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті.
Слетке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, облыстық білім басқармасының және БАҚ өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жетекшілері мен белсенділері қатынасты.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын іске асыру аясында 2016/2017 оқу жылынан бастап құрылды.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен қатар, жаңа серпін беретін, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы азаматтық-патриоттық қағидаттарды жетілдіретін үлкен ұйымдардың бірі.
