Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті

2017 жылдың 15 қыркүйекте Орал қаласының оқушылар және жастар сарайында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті.

Слетке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты департаментінің директоры С.Мүксімов, облыстағы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жетекшілері мен белсенділері қатынасты.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын іске асыру аясында 2016/2017 оқу жылынан бастап құрылды.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен қатар, жаңа серпін беретін, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы азаматтық-патриоттық қағидаттарды жетілдіретін үлкен ұйымдардың бірі.

Шара барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңадан қатарға қосылғандарына арнайы төсбелгілер берілді.

Слет «Адалдық алақаны» акция-эстафетасымен аяқталып, эстафета өзге облыстарға жолданды.

Шара соңында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасына ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

     
0
0
1945

Осы тақырып бойынша

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті - Yvision.kz