Қабылдау өтті.
17 наурыз күні «Nur Otan» партиясы атынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісов және облыс әкімінің Казталов ауданы бойынша сенімді өкілі Айдар Батырханов Казталов ауданында болып, жергілікті тұрғындарды көтерілген мәселелеріне орай жеке қабылдау өткізді.
Жергілікті жерден халық қалаулысы атанып, облыстық мәслихат депутатының мандатына ие болған Тұрарбек Тілемісұлы және облыс әкімінің сенімді өкілі Айдар Батырханов қабылдауға келген тұрғындар сауалын толық тыңдап, көтерілген түрлі мәселелердің сәйкесінше шешілуіне жұмыстанатындарын айтты.
Одан кейін Тұрарбек Тілемісұлы мен Айдар Тапашұлы аудан тұрғындарының мұң-мұқтаждарын өңір басшысына тікелей жеткізетін ескертті. Бұндай кездесудің сәті күн сайын түсе бермейтінін ескерген қоғам белсенділері тұрғындар қабылдауынан кейін үлкен жиында бас қосып, ауылдық округ бойынша алда атқарарылар ауқымды жоспарларымен бөлісті. Бас қосу барысында екі жақтың тарапынан болған келісімдер негізінде Ауданымыздағы қордаланған мәселелердің түйіні тарқатылып, болашақта қолға алар мәселелердің рет-ретімен шешілу жолдары қарастырылды.
Жиыннан соң Тұрарбек Тілемісұлы канвассинг форматында еңбек ардагері Ғилым Едекешовтың шаңырағында болып, партияның бес жылға арналған бағдарламасы негізінде ауданымызда атқарылатын жұмыстарды баяндап берді.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
