Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді

А.ж. 29 маусым күні Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің СҚО бойынша департамент бысшысының мемлекеттік қызметшілермен кездесуі өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында Ғ.С. Тұрсынбаев жүргізіліп жатқан мемлекеттік қызметтің реформасы туралы әңгімеледі. Ғалым Сұлтанұлы жоғары сапалы кәсіби автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыруы - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің басымдық бағыты болып табылатының атап өтті. Қатысушыларға тестілеу, конкурс өткізу тәртібі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері түсіндірілді.

Департамент басшысы жиналғандарды аудан қызметінің нәтижелерімен келесі бағыттары бойынша таныстырды: мемлекеттік қызметшілердің оқытуы, мемлекеттік органдардың ауысушылығы, мемлекеттік қызметтерді ұсынуы. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің және Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның тәртіптік комиссиясының қызметі ұсынды.

Департаментпен тұрақты түрде осы бағытта жұмыс жүргізіледі.

 
0
0
406

Осы тақырып бойынша

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді - Yvision.kz