Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Абиров Ержан Кәдырханұлы "Ақбұлақ" шипажайына барып, шипажай ұжымымен кездесу өткізді

2021 жылдың 04-қаңтары Талғар аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Абиров Ержан Кәдырханұлы Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінде орналасқан "Ақбұлақ" шипажайына барып, шипажай ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында "Ақбұлақ" шипажайының бас дәрігері және ұжым өкілдеріне 10-қаңтарда болатын сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, "Нұр Отан" партиясының Талғар ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Сонымен қатар, Бесағаш ауылдық округінің күрд этно-медени бірлестігінің төрағасы Узуналиев Хасанмен және бірлестік мүшелерімен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен де таныстырып қайтты.

пост "Nur Otan" қаражатына жарияланды

Сайлау-2021

0
0
607

Осы тақырып бойынша

Абиров Ержан Кәдырханұлы "Ақбұлақ" шипажайына барып, шипажай ұжымымен кездесу өткізді - Yvision.kz