Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Абайлаңыз Сібір жарасы ауруы!!!

Абайлаңыз Сібір жарасы ауруы !!!

Сібір жарасы-мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы қоздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауруы.

Сібір жарасы-маусымды індет. Ол әсіресе қуаңшылықты жылдары маусым-қыркүйек айларында жиі тарайды.

Топалаңға ұшыраған қой тісін қышырлатып, бағытсыз қозғалады, денесі құрысып, аузынан, мұрнынан, артқы ішегінен қанды көбік ағады. Індет жіті жағдайында малдың қызуы көтеріледі, мал қимылсыз күйзеліп, көз айналасы қанталап, ауыз және тыныс кілегей қабығы көгеріп, қан аралас тышқақтайды, көп ұзамай өледі.

Бүгінгі күнде сібір жарасы ауруына егу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі. Үй жануарларының иелері малдарды екпеге қатыстырмау дерттің кең етек жаюына себепші болып, мұның салдарынан адамдар Сібір жарасы ауруына шалдығатынын естеріңізден шығармаңыздар.

Үй-жайында ауыл шаруашылық жануарларын ветеринариялық дәрігердің бақылауынсыз сою жұмыстарын жүргізбеңіз.

Қосымша ақпараттарды Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК-нан алуарыңызға болады.

Телефон нөмірі: 45-05-22, 45-05-18.

0
0
615

Осы тақырып бойынша

Абайлаңыз Сібір жарасы ауруы!!! - Yvision.kz