Абай өлеңдерінің онлайн кеші!
10 тамыз – Абай күніне орай, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ақын өлеңдерінің онлайн кеші өтеді. Кеш қонақтары «Талдықорған» халықтық, фольклорлы-этнографикалық ән-би ансамблінің әншілерімен жас ақындар хәкім Абайдың өлеңдерін әуендетіп, өз арнауларын да айтып өтеді. Жетісулықтарға ағымдағы жылғы 10 тамыз күні "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының «Facebook» және «Instagram» ресми парақшаларында арнайы онлайн кеші тарту етілді!
