«Абай ізімен» тақырыбында жас ақындардың поэзиялық кеші өтті.
«Nur Otan» партиясының «Жастар-Отанға» атты партиялық жобасы аясында, аудандық «Жастар ресурстық орталығында» «Абай ізімен» тақырыбында жас ақындардың поэзиялық кеші өтті. Карантиндік шаралардың сақталу мақсатында, аталмыш іс-шара онлайн форматында ұйымдастырылды. Кештің қонағы, жас ақын, 2018 жылғы Абай оқуларынан «Жүйріктен жүйрік озар» бөлімі бойынша «Жас қаламгер» номинациясының жүлдегері, Өскемен қаласында өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жас ақындар мүшайрасының 2-ші орын иегері Серікқызы Ақгүл Абай Құнанбайұлына арнаған өлеңдерімен тыңдаушылардың көңілін жадыратты. Жастарымызды өнерге баулуға бағытталған мәдени іс-шараның өтуіне ерекше атсалысып және осындай сүйкімді шырайын келтіріп, көрерменге қызықты қылып жүргізе білген, «Жастар ресурстық орталығының» SMM бөлімінің жас журналисті Саметова Хамиданыңда еңбегін атап өткен абзал. Арманы биік, өнерпаз, білімтал жастарымызға тек ақ жол мен сәттілік тілейміз!
