Абай (Ибраһим) Құнанбаев
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.Абай қазақтың Ұлы Ақыны, Бас ақыны. Оныі шығармашылығы әлемнің бірнеше тілдеріне аударылыпы, рухани азық ретінде мойындалған. Құны жоғары картиналар да жоғары тұратын Абай ақынның әр өлеңі әрбір өазаөтың мағдайына біткен бақ деп білген жөн. Абай мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру біздің міндетіміз
