Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Абай ауданындағы ауылшаруышылық саласын дамыту қарқынды түрде жүзеге асуда.

Абай ауданындағы ауылшаруышылық саласын дамыту қарқынды түрде жүзеге асуда. Бүгінде ауданның ауыл шаруашылығының жалпы жер көлемі 26 мың гектардан асады. Сондай-ақ, 2020 жылы төрт түлік малдың (жылқы, қой, ірі қара) үлесі 2019 жылмен салыстырғанда 44 пайызға артып отыр. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәліметіне сәйкес, 2020 жылға жеке инвестицияға 197 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінген, оның ішінде: - қоймалар салуға 178 млн. теңге, - мал сатып алуға, техника және технологиялық жабдық сатып алуға 809 мың. теңге, Cонымен қатар, Абай ауданы бойынша "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау " бағдарламасымен 105,5 млн. теңге субсидия алған, оның ішінде: - ірі қара малға 7,4 млн. теңге, - бал ара шаруашылығына 13,8 млн. теңге, - шошқалардың аналық басын асылдандыруға 15,5 млн. теңге, - қой шаруашылығына 8,2 млн. теңге, - тауық еті мен жұмыртқа өндірісіне 57,9 млн. теңге.

0
0
114

Осы тақырып бойынша

Абай ауданындағы ауылшаруышылық саласын дамыту қарқынды түрде жүзеге асуда. - Yvision.kz