Абай аудандық филиалының төрағасы әлеуметтік желі арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
"Nur Otan" партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі әлеуметтік желі, тікелей эфир арқылы тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Тұрғындар тарапынан жолданған сұрақтардың басым бөлігі денсаулық, шалғай елдімекендердегі инфрақұрылым, транспорт және құрылыс саласына қатысты болды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі мен Call орталыққа келіп түскен сұрақтарға ретімен жауап берді
