Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары онлайн кездесу өткізді.
Бүгін, "Nur Otan" партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жаңаталап елді мекенінің түйткілді мәселелері ортаға салынды.
2014 жылы Сайрам ауданынан Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері, ал Ордабасы ауданынан Алтынтөбе, Көкбулақ елді мекендері Абай ауданының құрамына қосылғаны белгілі.
Сол кезде елді мекендердің шешілмеген коммуналдық мәселелері де ауданның күн тәртібіне қоса еңгізілген болатын.
Жиында өзекті мәселелердің бірі ауыз су жүйесімен қамтуға байланысты бірқатар жұмыстар атқарлып жатқаны мәлім болды. Атап айтқанда, биыл Жаңаталап аумағына қарасты 5 тұрғын алабта ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін тұрғын алабтардын 30 мыңға жуық халқы таза ауыз сумен қамтылатын болады. Биыл 4 елді мекен толық қолданысқа берілсе, 1 елді мекені 2021 жылы аяқталады. Құрылыс жұмыстары партия бақылауға алатын болады.
