Абай аудандық филиалы қаладағы мектептерде рейд жүргізді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп пандустарының қол жетімділігін тексеру мақсатында "Nur Otan" партиясы Абай аудандық филиалы қаладағы мектептерде рейд жүргізді. Шараға партиялық бақылау комиссиясы және партия мүшелері қатысып, белгіленген ережеге сай келмейтін пандустарға байланысты шара қолданатынын жеткізді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауды мемлекет басшысының өзі басты назарға алғаны белгілі. Осы орайда, бұл азаматтардың қоғамда еркін жүріп-тұруына мүмкіндік жасап, оларға қолдау көрсету қоғамның да аса маңызды ортақ міндеті.
