Абай ауданды бойынша праймериз қорытындысы шықты
Конференция барысында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған аудандық сайлауалды бағдарламасы бекітілді, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының конференциясына қатысушы делегаттар сайланды.
Конференция делегаттары 20 адамнан тұратын партиялық тізімін бекітті. Оның ішінде: әйелдер саны – 30%, жастар саны -20 % құрады.
Қызмет салалары бойынша:
- Білім беру саласы – 60 %.
- Саулық сақтау – 5%.
- Мәдениет және спорт – 5%.
- Ауылшаруашылық – 10%.
- Жергілікті атқарушы органдар – 5%.
- Басқалары - 15%.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес кандидаттар арасында қызу пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа қатысушы кандидаттар ауданның өзекті мәселелрді қозғай келе, елді мекендерінің дамуы бойынша бағдарламаларын ұсынды.
Дебат соңында делегаттар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы жасырын дауыс берді. Дауыс беру қортындысы бойынша, ең жоғарғы дауыс жинаған жерлесіміз Нугымаров Айбек Серикболович Шығыс Қазақстан облысының мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде ұсынылды.
Қазіргі таңда, Абай ауданы бойынша 1463 партия мүшелері тіркелген.
