Ақжайық мәдениет үйінде М.Маметованың 100 жылдық мерей тойына арналған патриоттық шара өткізілді.
Ауылдық кітапхана мамандары қатысушыларға Мәншүк Мәметованың ерлігі жайлы айтып, дайындаған бейнематериалын көрсетті.
Салтанатты жиынға дейін келген қонақтар фойеде қойылған сурет көрмесімен танысты. Бірнеше тақырыпқа бөлінген мәдени кеште «Қазақтың қаһарман қызы» атты тақырыпта ұйымдастырылған кітап көрмесі де көптің көңілінен шықты.Ауыл жастары шағын көрініс қойды, патриоттық әндер орындап, кешті тамашалаған қонақтарға үлкен әсер сыйлады.
#Toqaev2022
