Ақжайық ауданындағы актив жиналысы
Үстіміздегі жылдың 25 мамырында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы қатысуымен активі жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында М.Нұртазин Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халық арасында түсіндіру және іске асыру бағыты бойынша кеңінен баяндама жасады.
Жиынға әкімшілік қызметкерлері, округтегі мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
М.Нұртазин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық сананы жаңаша қалыптастыру, басқа елдердің озық тәжірибесін, жетістіктерін бойға сіңіріп, пайдамызға асыру бағытындағы жұмыстарға шолу жасады. Білімге ұмтылу, жақсыға үйрену, жаманнан жирену, ұлттық идеологияны сақтау, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту парызымыз туралы әңгімеледі.
ХХІ ғасырдағы адамзаттың басты, негізгі құндылықтары білімнен басталатын болса, жастарымызды осы бағытта тәрбиелеп, әлемдік білім ошақтарынан тереңдетілген білім алып, халқымыздың игілігіне жұмыс істеуге баулуымыз керек екендігі туралы білім саласындағы еңбек ардагері Х.Сақауов өз ой-пікірін білдірді. Шара соңында осыған үлес қосу жайында түйінделді.
