Ақжайық аудандық мәслихат депутаты С.Дошанова бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау жүргізді.
Бүгін Ақжайық аудандық мәслихат депутаты С.Дошанова бекітілген кестеге сәйкес, қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдауға көпбалалы ана, балдары оқу жасында Шалабаева Жанар жолықты. Маусымдық жұмыстың аяқталуына байланысты, болашақта тұрақты жұмысқа орналасқысы келетінін айтты. Жолдасыда жұмыссыз. Болашақта жұмыс болып жатырса, көмектесетіндігін жеткізді. Қабылдауға мектебіміздің физика — информатика пәнінің жас мұғалімі Сәрсенғалиева Айымгүл Рысжанқызы келді. Айымгүл ауылымыздың үлгілі келіні, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын жақсы ұстаздарымыздың бірі. Отбасылы, төрт бүлдіршінімен қатар, қамқоршылықта екі інісін, бір сіңлісін тәрбиелеп отырған жас ана. Айымгүл « Дипломмен ауылға бағдарламасы» бойынша үй алғысы келеді. Бағдарлама шарттарын түсіндіріп, тиісті құжаттар жинақталып тапсыруға кеңес берілді.
#қоғамдық қабылдау
#АқжайықNurOtan
