Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы БҚО көліктік бақылау инспекциясы ұжымына түсіндірілді

2019 жылдың 9 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері БҚО көліктік бақылау инспекциясы ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильді топ мүшелері және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

1
0
692

Осы тақырып бойынша

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы БҚО көліктік бақылау инспекциясы ұжымына түсіндірілді - Yvision.kz