Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ақжайық – адалдық алаңы»,«Адал жол» жобасы бойынша ҚТЖ АО «ГП Орал бөлімшесі» филиалында кездесу

2019 жылдың 14 ақпанында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында«Адал жол» жобасының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ҚТЖ – Жүк тасымалы Акционерлік қоғамының «ГП Орал бөлімшесі» филиалының ғимаратында теміржол жолаушылар тасымалы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты алдын алу тақырыбы бойынша кеңейтілген семинар кеңес өткізілді. Кездесуге Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, бизнес құрылым өкілдері, сарапшылар, қоғам белсенділері, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы, АҚ жолаушылар тасымалы, көліктік бақылау инспекциясы, Нұр отан партиясы БҚО филиалы,көліктегі прокуратура,желілік ішкі істер бөлімі қызметкерлері қатысты.

Кездесу аясындааталған саладағы проблемалық сұрақтарды көтеріп, оның шешілу жолдары туралы пікірлері ортаға салынды.

Кездесу барысында А.Жұбаныш Орал қаласының теміржол бекетініңхабарламасымен поезд бригадирлері арқылыресми түрде ақылыжүк тасымалдау болатының хабарлау қажет деп ұсыныс білдірді.

Сонымен қатар, А.Жұбанышпен кездесуге қатысушыларға мемлекеттік қызмет туралы және мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру тәртібі түсіндірілді.

0
0
527

Осы тақырып бойынша

«Ақжайық – адалдық алаңы»,«Адал жол» жобасы бойынша ҚТЖ АО «ГП Орал бөлімшесі» филиалында кездесу - Yvision.kz