Ақжар ауданында өткен семинар

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен а.ж. 2-5 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының бірқатар мемлекеттік органдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау бойынша тексеріс іс-шаралары жүргізілді.

Тексеріс соңында Ақжар ауданы әкімі аппаратында аудандық жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін жауапты мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас мамандары А.М. Қахабаев және Н.Г. Дәулетбаевпен мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және жемқорлықтың алдын алу саласында Департаменттің негізгі міндеттері бойынша түсіндірілді.
Қойылған барлық сұрақтарға толық түсіндірмелер берілді.
