Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің 115 жылдығына орай «Жақсы адам - қазына» атты кітап көрме.
2021 жылдың 2 қыркүйегінде аудандық орталық модельді кітапханада геолог ғалым, тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және академияның корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері - Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің 115 жылдығына орай кітап көрме ұйымдастырылды.
Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз. «Жақсы адам - қазына» деген атаумен өткізіліп жатқан көрмеге 20 кітап қойылды.
Көрмеде «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан Ақжан әл- Машанидің ұлы бабамыздың тұңғыш рет көркем бейнесі сомдалған «Әл-Фараби» романы мен әр жылдары басылған мақалалары,
Ақжан Машанидің 100 жылдық мерейтойына арналған "Шығыс ғұламаларының ғылыми-техникалық, руханияттық құндылықтары және А. Машани" атты ғылыми-практикалық конференциясының материалдары іріктеліп қойылды.
Аталған кітаптар АОМ кітапхананың барлық оқырмандарына ұсынылады. Әдебиеттерді АОМК кітап қорынан алып танысуларыңызға болады.

