Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ағзадағы алкоголь немесе тыйым салынған препараттардың болуына куәландыру мәселесі талқыланды

2019 жылдың 13 ақпанында ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК-да нарколог дәрігерлердің Е. Шумбалов, Р. Кужаевтың және басшылығы Б.Мырзахметовтың қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесуге "Ақжайық – Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің басшылары мен мүшелері, БҚО АЕМТ А. Салиева, А. Туркина, М. Жұмағалиев, жобалық кеңсенің қызметкерлері қатысты.

Жоба кеңсесінің басшысы А.Салиева пациенттің ағзасында алкоголь немесе тыйым салынған препараттардың болуына пациенттерді куәландыру рәсімдеріндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабардар етті.

Кездесу барысында нарколог Р.Кужаев алькогольді немесе есірткі заттарын пайдалануды анықтау үшін медициналық талдау жүргізу тәртібін түсіндірді.

Куәландыру нәтижелері пациентке оны жіберген және (немесе) жеткізген адамның қатысуымен дереу хабарланады. Пациент не оны жеткізген лауазымды адам медициналық куәландыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда қайта медициналық зерттеу жүргізіледі.

Қайта медициналық куәландыру пациенттің не оны жіберген және (немесе) жеткізген лауазымды адамның куәландыруға жүгіну мән-жайлары баяндалған еркін нысандағы жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.

Қайта медициналық куәландыруды облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері алғашқы куәландырылғаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей жүргізеді.

Орталықта аудио жазбалары бар камералар бар, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын төмендетеді.

Б. Мурзахметов жол-көлік оқиғасы кезінде ЖПК қызметкерлері өз аппараттарымен алкогольдік масаңдықты тексеріп, аппараттың жұмыс жағдайының нәтижесімен келіспеген немесе шындыққа күмән келтірмеген жағдайда қорытынды зертханалық зерттеуге наркологиялық және психотерапия орталығына жіберуді ұсынды.

1
0
500

Осы тақырып бойынша

Ағзадағы алкоголь немесе тыйым салынған препараттардың болуына куәландыру мәселесі талқыланды - Yvision.kz