ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Ағзаға қажетті асты жеу керек»

Нұрсұлтан Назарбаев балықтың етін жеп, сорпасын ішкенді ұнатады екен. Оның сүйікті асы туралы мәлімет Еlbasy_live Instagram-парақшасында жарияланды.

«Таңғы асқа Назарбаев жеміс пен жаңғақ қосылған сұлы ботқасын, түскі ас кезінде көкөніс немесе балық сорпасын, қазақша кеспе ішкенді ұнатады. Ол жеңіл балық тағамымен және ысталған форельмен тамақтанғанды жөн көреді», - делінген парақшадағы жазбада.

Елбасының баспасөз қызметі де Н.Назарбаевтың осыдан бірер жыл бұрын айтқан сөзін жариялады. Онда Елбасы ешқандай диета ұстанбайтынын, ағзаға қажетті асты жеу қажеттігін айтқан болатын.

«Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын. Менің қағидам – ағзаға қажетті асты жеу керек. Адам өзіне қарауы тиіс. Біз дені сау ұлт болуымыз керек. Жастарымыз осыған ұмтылатынын білемін. Өз басым ешқандай диета ұстанбаймын», - деді Елбасы.