Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақырып ауылында медициналық мекеме күрделі жөңдеуден өтеді.

Кездесу барысында ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ.

1.Экономикалық тұрақты аудан.

2.Өмір сүруге жайлы аудан.

3.Әлеуметтік-бағытталған аудан.

4.Жастар үшін аудан.

5. Тарих пен мәдениеттің дамуы.

6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.

7.Қауіпсіз аудан.

“Nur Otan” партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында дәл осы 7 даму бағытын айқындады. Оның басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсартуға жағдай жасау. COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қиындықтар әкелді. Осы бағытта алдымызда әлі көп жұмыс бар. Саладағы басты басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күрес кезінде алынған тәжірибе қолданылады. 2025 жылға дейін партия емханаларға 20 минуттық және дәрігерлік амбулаторияларға 10 минуттық қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін қойды .

Медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында“Nur Otan” партиясы:

- Коронавирустық инфекцияның таралуын азайту жөніндегі іс-шараларды одан әрі жүзеге асыру, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын орындар мен қоғамдық көліктердің санитарлық талаптар мен стандарттарға сәйкестігін үнемі бақылау, сонымен қатар жүйелі түрде дезинфекциялық жұмыстар жүргізу;

- Медициналық мекемелер мен дәріханалар желілерін дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуіне мониторинг жүргізу;

- Дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар бағасының өсуіне жол бермеу үшін дәріхана желілерімен меморандумдарға қол қою;

- Салауатты өмір салтын, оның ішінде Интернет және әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде насихаттау;

- Ана мен нәресте өлімін азайту мақсатында жүкті әйелдер мен ұрпақты жастағы әйелдер үшін ана мен бала жүктілігі бойынша ақысыз кеңес беруді қамтуды кеңейту, соның ішінде ауылдарда әйелдерге кеңес беру үшін мобильді топтар құру;

- 2021 жылы Акырап ауылдағы медициналық мекемені күрделі жөндеу;

- Қатерлі ісіктерді ерте анықтау үшін кем дегенде 5000 адамды жыл сайынғы скринингтен өткізу;

- Онкологиялық және туберкулез ауруларына шалдыққан науқастарды амбулаториялық емдеу кезінде ақысыз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тұрақты бақылауда ұстауды қамтамасыз етеді.

Осы шаралардың барлығы 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа дейін арттыруға мүмкіндік береді.- деп медицина мәселесіне түсіндірулер жүргізді.

0
0
223

Осы тақырып бойынша