ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақынын ұлықтаған ел азбайды

Іс-шараға Жамбыл ауданы әкімі, партия төрағасы Арубаев Сәкен Қаланұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мекеме басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған Сәкен Қаланұлы Жамбыл поэзиясы қазақ халқының өмірі және тарихымен өзара тығыз байланысты екенін атап өтті. Ұлы даланың мұрагерлері ұлтының асыл перзенті, ақын Жамбылымен мақтанады. Биік парасатты өнерпаз, халық поэзиясының атасы атанған ақынның есімі елінің жүрегінде мәңгі сақталады. Оның өнегелі өмірі мен мұратқа толы мұраларын ұлықтау шаралары ауданда жыл соңына дейін жалғасатынын жеткізді.

Шара соңы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің әсем әні мен ақын өмірінен сыр шертетін саханалық қойылыммен тәмамдалды.