Ақын Әнуар Бимағамбеттің«Сәру-Күннің сәулесі» атты шығармашылық кеші
Кешке мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Есенғали Раушановтар қонақ ретінде қатысты.
Кеште көрермендер ақынның туындыларымен танысты. Сонымен қатар, өлкеміздің жас ақындары өз туындыларын оқыды.
Кеш соңында Маңғыстау облысының әкімі Тұрымов Серікбай Өтелгенұлы бүгін Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының қолынан «Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі» куәлігін алған ақынды құттықтап, шығармашылығына табыстар тіледі.
Сонымен қатар, ақынның ұстаз ағалары ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сабыр Адай және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Светқали Нұржан өз тілектерін арнады.
