Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ағымдағы жылдың 31 мамырында сағат 15.00-де министр Ерлан Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Ағымдағы жылдың 31 мамырында сағат 15.00-де министр Ерлан Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді

Кездесу барысында министр ҚР БҒМ-нің қызметі мен ведомствоның алдағы жоспарлары жөнінде әңгімелеп, жұртшылықты қызықтырған сауалдарға жауап беруді көздеп отыр. Сондай-ақ бұл күні аймақ тұрғындарына министрге онлайн режімде сауалдар қою үшін бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылады.

Бұған қоса шара барысында кері байланыс орнату үшін министрлік қызметкерлерінен құрылған хатшылық жұмыс істейтін болады. Ынта білдіргендер БҒМ құзыретіне жататын түрлі сауалдары бойынша көмектер мен кеңестер ала алады.

Еске сала кетейік, министрдің есеп беру кездесуі қарсаңында барлық тілек білдірушілер өздерінің сауалдарын ҚР БҒМ-нің Фэйсбук, Инстаграм, Вконтакте ресми парақшалары және 8(7172) 74-24-11 «жедел желі» арқылы қоя алады (жұмыс уақыты: дс. – жм. 09.00 – 18.30).

Есеп беру кездесуі Астана қаласында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әкімшілік (бас ғимараты) корпусында, ҚР Тұңғыш Президенті залында өтеді.

0
0
492

Осы тақырып бойынша

Ағымдағы жылдың 31 мамырында сағат 15.00-де министр Ерлан Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді. - Yvision.kz