Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті ...
Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысында 67 мың азаматқа қолдау көрсетілді, оның 48 мыңнан астамы тұрақты немесе субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Арыс қаласының тұрғыны, 24 жастағы Айдос Досымжан ұзақ уақыт бойы өзіне лайықты жұмыс таба алмай жүрген. Жұмыспен қамту орталығында оған таңдау үшін бірнеше бос жұмыс орны ұсынылды және ол өз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа орналасуға шешім қабылдады. «Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға бағдарлама бойынша жұмыс тапқан досым кеңес берді. Мен бес ай бойы әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеймін. Оның үш айында – ұйымның штатында тұрақты қызметкер ретінде қызмет етудемін. Өзіме ұнайды, перспектива бар», – деді жас жігіт. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/127445...
***
По состоянию на 1 ноября т.г. в рамках Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы «Еңбек» в Туркестанской области была оказана поддержка 67 тыс. граждан, из которых более 48 тыс. были трудоустроены на постоянные или субсидируемые рабочие места. Житель города Арыс, 24-летний Айдос Досымжан, долгое время не мог найти работу, которая бы его устраивала. В центре занятости ему предложили несколько вакансий на выбор, и он решил устроиться социальным работником в коммунальное государственное учреждение «Социальное обслуживание на дому» при отделе занятости и социальных программ своего города. «В центр занятости мне посоветовал обратиться друг, который уже воспользовался возможностью найти работу по программе. Социальным работником я работаю на протяжении пяти месяцев. Причем три из них – уже перейдя в штат организации, как постоянный сотрудник. Мне тут нравится, есть перспективы», – рассказал молодой человек. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/127445...
