ru
Default banner
Новости
Новости
5 923 жазбалар424 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0

Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа...

Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді, оның шеңберінде мүше мемлекеттердің азаматтары ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыру барысында алған зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру құқығын алды.
Осы Келісім 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартты толықтырады, оның шеңберінде ұлттық еңбек нарықтарын қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еркін орын ауыстыруын қамтамасыз ететін және жұмысқа орналастырушы мемлекетте еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуды талап етпейтін базалық қағидаттар бекітілген. Жасалған жағдайлар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағындағы азаматтардың еңбек қызметін заңдастыруға қосымша ынталандыру болып табылады және ЕАЭО аумағында еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға көмектеседі.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/173123...

***

С 1 января т.г. вступило в силу Соглашение о пенсионном обеспечении трудящихся государств-членов Евразийского экономического союза от 20 декабря 2019 года, в рамках которого граждане государств-членов получили право формировать, сохранять и реализовывать пенсионные права, приобретенные ими в ходе осуществления трудовой деятельности в других государствах-членах ЕАЭС.
Данное Соглашение дополняет договор о ЕАЭС от 29 мая 2014 года, в рамках которого закреплены базовые принципы, обеспечивающие свободное перемещение трудящихся государств-членов без учета ограничений по защите национальных рынков труда и не требующие получение разрешения на осуществление трудовой деятельности в государстве трудоустройства. Созданные условия являются дополнительным стимулом для легализации трудовой деятельности граждан на территории государств-членов ЕАЭС и помогут в формировании единого рынка трудовых ресурсов на территории ЕАЭС.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/173123...