ru
Default banner
Разное
426 298 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақылды үлкеннен сұра деген халқымыз

Ақылды үлкеннен сұра деген халқымыз

Ауылының бүгіні мен ертеңіне алаңдап, таңының тыныш атып, күндерінің жақсылыққа толы болуына тілеулес болып, келелі ой түзіп, кемел ақыл қосып отыратын ақсақалдар әр елді мекенде бар. Ал, Ақтау ауылында тұратын ардагер ұстаз, көп жылын білім беру саласына арнаған, ауданымыздың құрметті азаматы Клим Бексейітов ағайдың орны тіпті бөлек. Туған жерінің әр тасының қыр-сырына қанық ол Ақтаудағы жылт еткен әр жақсылыққа тәуба келтіріп, шүкіршілік етеді. Клим Нұғыманұлы елімізде болып жатқан барлық айтулы жаңалықтардан хабардар, өзіндік ойын да батыл айтады. Зайыбы Закия екеуі өзінің ғана емес көршінің де қазаны ортаймай, қорасы малға, үйі жанға толы, бай да бақуатты өмір сүрсе екен дейді. Осындай көзі ашық, көкірегі шежіре ақсақалға көрісе және алдағы сайлау бағдарламасы төңірегінде пікірлесе барған облыстық мәслихат депутаттығына үміткер М.Байжановтың сенімді өкілі Мұрат Бекжанов, аудандық мәслихатқа үміткер Светлана Байтенова оның айтқан әңгімесіне разы болып қайтты.

-Елге керегі ең алдымен тыныштық қой, әр күнің береке-бірлікке, көңіл толар тірлікпен басталып атса, ауыл-аймағыңның амандығын біліп оянсаң одан артық не керек. Қазір ауылда бәрі бар, газ келіп тұр, неше жыд арман болған көпір де тұрғызылды, енді міне ауылымызға ұялы байланыс та орнады,. Таза ауыз су ішіп отырмыз. Осының бәрі кезінде біз көрген бейнеттің қайтарымы емес пе? Мынау партияның ауыл-аймақты дамытуға арналған 7 басым бағытындағы-ауданымызды жайлы ауданға айналдыру, мал шаруашылығын өрістету, жұмыссыздар санын азайту үшін кәсіпкерлікті дамыту, жерді жұмыс істейтін адамдарға беру тағы да басқа бағыттары көңілімнен бек шығады,-дейді қадірменді қария. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты еліміздің өркендеуіне бағытталғаның да атап өтті. Ендеше ертеңіне екшелей көз жіберіп, тәуелсіз елдің тегеурінді тірліктеріне қолдау көрсетсек қана оның мықты болмағын бағамдаған адамның пікірі міне, осындай.