Ақтоғай аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы жұмысы.
Бүгін "Nur Оtan" партиясы Ақтоғай аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері дәрілік заттардың бар-жоғын, сондай-ақ бөлшек сауда үшін дәрілік заттардың сауда атауына шекті бағаның сәйкестігін мониторингілеу мақсатында дәріханаға рейд жүргізді. Рейд барысында дәріхана сатылымында вирусқа қарсы, ыстықты түсіретін препараттар, инъекциялық антибиотиктер, қажетті мөлшерде маскалар бар, бағасы белгіленген шекті бағадан аспайды. Дәріханада барлық санитарлық нормалар сақталған. Халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үнемі бақылауда.
ПОСТ С ФБ
