Ақтаудағы «ЖАС ЖАЛЫН ЖАҢҒЫРУ» жастар форумы! Бәрінен және теңізден де алған әсерім ұшан-теңіз!
Шынын айтсам мен үшін каспий маңы аймағында болу өте қызық болды! Бұрыннан сол жаққа шақырған. Бұл жай ғана армандар аумағы ғана емес- бұл бірегей инфрақұрылымы, ауа райы және теңізі бар тартылыс орталығы. Осы тамаша қыркүйек күндерінде Ақтау Қазақстанның жастар бірлестіктерінің көшбасшыларын бірлестіріп қана қоймай, каспий маңындағы көрші елдерді де бірлестіріп белсенді жастар үшін тартылыс мекені болды.


Ауа райы мен табиғаты туралы
Біздің Солтүстік Қазақстандық тұрғындары үшін қыркүйек айының соңында шыжырған күннің көзі мен 30 жоғарғы температураны сезіну үйреншікті емес екен! Әрине күннің көзі бізге аяусыз болды, сондықтан барлығымыз күйіп кеттік деуге болады. Топырақтың сарғыштығы және ағаштардың аз болуы да көзге үйреншіксіз болды. Ал ең негізгісі ол теңіз... едәуір теңіз.... көгілдір теңіз. Одан басқа күн батысы таң қалдырды! Сүйікті «Достучатся до небес» фильмінен үзінді жолдары бірден есіме түсті: «Теңіз жағасында тұрып теңіздер соққан желдің тұзды иісін сезінесің. Сен азат екеніне сенесің және өмірің енді басталғандығын сезінесің!» Өмірде лирикаға орын болуы тиіс! Бір апта бойы біздің іссапарымыз кезінде бұрын соңды болмаған ыстық ауа райы тұрды!Бірақ мен жергіліктілердің бір-біреуінің шомылғанын көрмедім! Олардың айтуынша теңіз бұрынғындай жылы емес! Бірақ бізге олай көрінбеді! Біздің Қостанай, Павлодар және Қызылжардан келген әріптестеріміз бізбен ниеттес болды! Теңіз Бурабайдағы ең ыстық күндерден де жылы болды!Шынымды айтсам, мен біздің жазда осылайша ыстық болғанын ұмытып та кеттім!
CASPI LEADER CAMP лагеріндегі үш күн
Іс-шараны өткізудегі табандылық бірден таң қалдырды! Almaty menegmentuniversity-ден келген кәсіпқойлар жастармен жұмыс істеді. Лагерь Ақтаудан 40 шақырым жерде болды, сондықтан қалаға серуендеп шығу ынғайсыздау болды! Алайда бос уақытты бағдарламаны да ескерген ұйымдастырушыларға рахмет! Ең маңыздысы жастармен толыққанды жұмыс істеген жұлдызды тәлімгерлер құрамы. Олардың қатарында Асхат Абжан- WAKE UPTehnology бас директоры, Нұрлан Өтешев – біз жастар сыртынан оны «патриарх» деп атаймыз, қазірде ол «Жастар бастамаларын қолдау орталығы» ҚЕАҚ басқарма төрағасы, Бауыржан Қасымбергебаев – «Синергия» бизнес мектебінің қазақстандық өкілеттігінің директоры, Расул Абдуллаев - «Yuframe» тобының жобалық менеджері, Рүстем Абдуллин мен Владислав Островский - AlmaU бизнес жаттықтырушылары кірді. 


Барлығын басқарған «Алматы менеджмент университеті» ОҰ ректоры Гүлмира Кұрғанбаева. Толыққанды және қызықты бағдарлама!Алматы менеджмент Университеті өзімізге лагерде үздік болып танылған жобаны қайта ойластыруға және жұмыс істеуге мүмкіндік бергендері үшін қошемет білдіремін. Бізді бөлгеннен кейін біздің топқа әртүрлі аймақтың өкілдері қосылды. Оның ішінде менің СҚО-нан келген Ирина Тахватулина әріптесім, қайта танысқан ШҚО келген менің ескі танысым Ерсайын және ол қазіргі кезде жас кәсіпкерлерді қолдаумен айналысады. Және ең негізгісі, біздің тәлімгеріміз Нұрлан Өтешев болды! Бізге берілген тапсырма болашақта дамытуға болатын және сондай сияқты жаңа бизнес жоспар ойлап табу болды! Біздің креативті ойларымыз неше түрлі ойларды ортаға салды!Нұрбек Қытайға қасқыр сатуды да ұсынды! Соңында «АQKSHABAR» жобасын ұсындық! Жоба авторы Ерсайын, атауының авторы сізге құрметпен қарайтын қызметшіңіз! Қалғаны Нұрлан Сүлейменұлының басшылығындағы ұжымдық еңбек жемісі! Қорытындысында бірінші орын мен 200000 теңге сыйлық!Жай ғана өз ойымызбен 200 мың ұтып алдық десек те болады! #мозгамитожеможнозаработать!)))) содан кейін лагерь жабылуында құшақтасулар мен қуаныштар болды!Таныстыру рәсімін дайындауға қатыспадым. Қарағанды облысының ЖРО басшысы Ақжолмен бірге «Орта Толсын» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысуға кеттім! Эфир мемлекеттік тілде болды! Бірақ маған орысша жауап беруге рұқсат берілді. Айтпақшы менің осы іссапарда түсінгенім менің қазақ тілін түсіну деңгейім төменгі «Ештеңе түсінбейтін» деңгейінен «базалық» (яғни түсінем бірақ айта алмаймын) деңгейге көтерілгендігін түсіндім, ол әрине тікелей эфирден көрінді. 
Бірақ біздің Ақжол екеуіміздің эфиріміз жақсы шықты және біз бір-бірімізді толықтырдық,ол үшін оған құрмет білдіремін! Айтпақшы лагерде бізді таңертен еріктілерден құралған әншілер тобының жанды дауыспен айтқан әндері оятты. Бұны ұната бермейтін адамдар да болды! Ол үшін еріктілер бірнеше рет қапсағайлы айқаймен айдатылып және ауыздары жабылдырылды. Бірақ олар сыпайы ән айтуларын жалғастырып және лагерді ұйқыларынан оятты! Бұл тәсіл мен үшін өте ұнамды болды, бірақ мен поп-әуендерден гөрі классикалық әуендерді мысалы queen немесе the Beatles –тен бірдеңелерді тыңдар едім.
Аздап тамақ туралы
Тамақтануды да айта кету керек! Біз әр-түрлі жеңсік ас оның ішінде балықпен тамақтандық! Барлығының да дәмін байқадық! Менің түсінгенім ақтаулықтардың сүйікті салаты ол «Цезарь» (ол барлық жерде және көп болды) және Ақтауда балықтан жасалған тамақты жемеу ол қадірлемеушілікпен парапар! 
Біз қай жерде болмасақ та, бізді мейрамханадан келген тамақпен тамақтандырып, кәсіби қызмет көрсетті!Біз үйде қонақ күткенімізбен бірдей!)))) Мен түптеп келгенде осындай тамаша тамақтандырумен өткізілген бірде бір жастар форумы есімде жоқ!Жалпы тамақ туралы бөлек жариялым жасау керек! Шынында да таң қалдырғаны - ол FISHБармақ.Дәмді емдәмдік тамақ!Айтпақшы оны көп жеуге болады! Үйреншіксіз болғаны - ол бешмармақты бешмармақ қылатын қарта,шұжық және сондай сияқты мүшелерінің болмауы! Экскурсия кезінде жергілікті тәттілерді, оның ішінде Балқаймақтың дәмін көрудің сәті түсті - оны Сникерс деп те атайды.Бұл айрықша технология бойынша түйе сүтінен ерітілетін табиғи өнім. Айта кетсек, жергілікті құрттың біздікінен айырмашылықтары бар!Ол жұмсақ және азтұздалған.
Қазақстан-әзірбайжандық жастар ынтымақтастығының күні
Әрине осындай ауқымды іс-шара жастар ұйымдары көшбасшыларының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуынсыз өтпейді!Бір сөзбен айтқанда, жиналмағанымызға көп болды!Ақтау бір алаңда «Қазақстан жастарының конгрессі» ҚЗТБ атқарушы директоры -Айдын Сәбитов, «Жасыл ел» республикалық штаб басшысы –Тоқтар Болысов, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев және басқалар сияқты республикалық жастар ұйымдарының көшбасшыларын жинады.
Бірақ қызықтысы, біздің Әзірбайжандық әріптестерімізге байлаулы болды. Форумның толық жұмыс күні Әзірбайжан жастарымен достығы мен ынтымақтастығына арналды. Бірнеше меморандумдарға қол қойылды. Барлығына дін істері және азаматтық қоғам Министірлігінің жастар саясаты департаменті басшылығы атынан Ғабидулла Оспанқұлов белсене қатысты.Сондай-ақ, бізде ағайынды әзірбайжан халқының астарынан дәм тату мен ұлттықкиімдегі жұп фонында селфиге түсу мүмкіндігі болды.
NIS феномені
Ресми іс-шаралардан кейін ми жарылысы басталды! Оны маған Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын балалар жасады! Осы ұрпақ алдағы уақытта ел басқаратын болса онда бізді ұлы болашақ күтуде! Оларды басқаша оқытады. Мен осындай ұрпаққа қызығамын, өйткені олардың жоғары деңгейде білім алып және осындай оқытушылардан үйрене алатын мүмкіндіктері бар.
Мектеп гала-концертінде көрсетілген оқушылардың шығармашылық талпыныстары одан әрі таң қалдырды.Таң қалдырғаны креатив қана емес зор шығармашылық мүмкіндіктердің болуы! Ұлттық әуендерден классикаға дейін, ұлттық әуенге нақышталған ирландық степ, көлеңкелі театр (барлығын таң қалдырды), рок-н-ролл, поп әуен: жалпы мен концерт басынан ұйықтап қалам деп те ойладым, бірақ концерттен шыққанда бұл мектеп оқушылары мен оқытушылар ұйымдастырған ең тамаша туынды болғанына көзім жетті. Жалпы бұл концерт әуесқойлылыққа ұқсамады. Мен оны біздің «байқаумен» салыстырғым да келмейді! «Байқау» сөзі біраз күш артатын сияқты.

«Оған қоса кешке "Жайдарман" бойынша әкім кубогына барып қайттық! Барлығы да қызық болды және Шымкент қаласының жігіттеріне керемет актерлік үшін алғысымды білдіремін! ЕСАҒАНЫ көргеніме құаныштымын!
ЖАС ЖАЛЫН ЖАҢҒЫРУ» жастар форумы!

Міне ең орталық оқиғаға да жеттік! Бұл форум аты шулы төралқалар мен мінбелердің болмауымен есімде қалары сөзсіз! Барлығы заманауи «а ля Валдайский клуб» форматында панель түрінде жасалған. Пленарлық отырыстың екінші бөлімі Apple тұсаукесері сияқты өтті. Барлығы жаңа салынған Достық үйінде өтті! Барлығынан теңізден де әсерлер ұшан-теңіз))))) осында біз әріптестерге бірге фотоға түсудін сәті түсті! Форум жұмысына дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тұғжанов қатысты. Бұл форум мәртебесі мен оның ұпайлары автоматты түрде өскенін білдіреді.Орталық және жергілікті билік тарапынан назардың көрсетілуі жастар тақырыбы бұрынғыға қарағанда қазіргі кезде өзекті екенін айтады.
Экскурсия
Мен шынымда да жақсы көретінім - ол ұйымдастырудың жоғарғы деңгейде болғаны. Ол үшін менің Маңғыстау облысынан келген әріптестерім мен Аманғали досыма жеке үлкен рахмет, олар барлық қонақтарды көкке көтеріп ұстады.



Барлық облыспен көкке көтеріп ұстады десек те артық болмас. Және экскурсиияға аса назар аударды! Ақтаудан 200 шақырым жерге Адай-ата деген орынға барып, ұлттық ойындарға қатыстық, жергілікті тәттілердің дәмін көрдік және ұлттық театрлық ұжымдарының үздік дәстүріндегі қойылымдарын тамашаладық.
Эпилог
Менің Қызылжардан келген әріптесім:-«Ақтауға келгенде біздің Қазақстан қандай әртүрлі екенін түсінесің! Және біздің барлығымызды біріктіретіні –елімізге деген шексіз махаббатымыз!» - деп айтты. Алғашында біз тұтас әлем аштық....онда теңіз, жылулық және достардың көптігі! Барлық Ақтауға керемет апта мен Каспий теңізінің позитиві үшін рахмет айтқым келеді! Менің жерлестерім, форум делегаттары Тимур, Андрей, Ерлан, Лиза мен Жайнаға серік болғандарыңа рахмет! Сурет үшін бөлек алғысты Азоха мен бауырласым бейнеблогер Дани Капаровқа білдіремін!Айдын мен Тоқтар достарымды көргеніме қуаныштымын (аз уақыт болғанына өкінішті). Барлық әріптестер Жастар саясаты мәселелері басқармаларының басшылары мен ЖРО басшыларына келгендері үшін респект! Келмегендерге айтарым-сендер көп қызықтан құр қалдыңдар! Қостанайдан Кенеш пен Қарағандыдан Ақжолға бөлек репект! Павлодардан келген Гүлзира мен Ақтаудағы Антонинаға қызықты және көңілді қарым-қатынас үшін рахмет! Сансей Нұрлан Өтешевке үлкен респект! Жерлестерім Тимур Садвакасов мен Айдосқа жалынды салем, қайран болдым! Құрманбекке респект! Және Аманғали мен оның тобына үлкен рахмет!Барлығыңды құшақтаймын!Барлығыңа реасе!




