ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақтаудағы ашық әңгіме

Ақтаудағы ашық әңгіме

29.12.2020ж. Ауданның әлеуметтік жағдайын көтеруді көздеген, жаңа жетістіктерді жобаға енгізген, ауыл-аймақты дамытудың 7 басым бағытын алға қойған «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырған аудандық мәслхатқа депутаттыққа үміткерлер бүгін алыстағы Ақтау ауылдық округінде болды. Кездесуде кезегімен сөзалған үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының ішіндегі экономикалық тұрақты аудан атану үшін: Мемлекеттік қолдауды арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы ауданда ауыл шарушылық өнімдерін қайта өндеу саласын дамытатын жұмыс орындарын ашу, айналымға 153 мың га астам енгізу есебінен, пайдаланылатын жайылымдар алаңын екі есеге (шамамен 300 мың га) кеңейту, ірі қара мал санын 30,4 мыңнан 35 мыңбасқа дейін арттыру есебінен мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде алдағы 5 жылда асыл тұқымды мал басын 3500 дейін арттыру жоспарлануда. «Nur Otan» партиясы ауыл халқының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен»жобаларын іске асыру жалғасын таппақ деді үміткерлер.

Бағдарламада бұған қоса: 2025 жылға қарай ауыл инфрақұрылымын жаңғырту Шыңғырлау ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде аудан тұрғындары инженерлік инфрақұрылым объектілеріне, қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметке қол жеткізеді. Сонымен қатар үздіксіз электрмен қамтамасыз ету, жолдардың сапасын жақсарту, таза ауыз су мен қамту, аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау т.б. іс-шаралары да назардан қалмайды десті арнайы келген мәслихатқа үміткерлер.

Мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асып жатқан жұмыстар ауыл халқына бесенеден белгілі. Таза ауыз, су, көгілдір отын, ұялы телефон байланысы т.б. жұртшылықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған.

-Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру-ортақ міндет. Сол себепті де алдағы келе жатқан сайлауда ауылжұртшылығы партияның сайлауалды бағдарламасын қолдай отырып, округ тұрғындары бір кісідей өз таңдауларын жасайды деп үміттенеміз,-деді кездесу барысында сөз алған кандидаттар.Өткен жылы партияішілік сайлау праймериз кезінде осы Ақтаулықтар ұялы телефон байланысы туралы ұсыныстарын берген болатын.Ұсыныс назардан тыс қалмады. Ауыл тұрғындары осындай игілікті істері үшін«Nur Otan» партиясына шынайы ризашылықтарын білдірді. -Елге керегі ең алдымен тыныштық қой, әр күнің береке-бірлікке, көңіл толар тірлікпен басталып атса, ауыл-аймағыңның амандығын біліп оянсаң одан артық не керек. Қазір ауылда бәрі бар, газ келіп тұр, енді міне ауылымызға ұялы байланыс та орнады,. Таза ауыз су ішіп отырмыз. «Nur Otan» партиясының ауыл-аймақты дамытуға арналған 7 басым бағытындағы-ауданымызды жайлы ауданға айналдыру, мал шаруашылығын өрістету, жұмыссыздар санын азайту үшін кәсіпкерлікті дамыту, жерді жұмыс істейтін адамдарға беру тағы да басқа бағыттары көңілімнен бек шығады,-дейді ардагер ұстаз,ауданымыздың құрметті азаматы Клим Нұғманұлы Бексейітов. Халқымызда «Ынтымағы жарасқан елге бақ тұрар» деген бар емес пе ауылдағы ағайынмен кездесу өте бір маңызды кездесулердің бірі болды.