Ақтауда пресс конференция өтті
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ғимаратында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен пресс конференция өтті. Елдегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, аталған шара онлайн форматта ұйымдастырылды. Пресс конференция барысында сайлау науқанында дауыс берушілер тарапынан жиналған ұсыныстар талқыланды. Аталған ұсыныстардың орындалысы алдағы уақытта жаңадан тағайындалған депутаттардың назарында болатынын атап өтті.
