Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтау қаласының мамандырылған ХҚКО қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы және 5 институционалдық реформа жөнінде семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 03 тамызында Ақтау қалалық арнайы Халыққа Қызмет Көрсету Орталығының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының жауапкершілігі туралы семинар өткізілді.

Семинар барысында аумақтық Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы Сұлтан Сахан іс-шараның мақсаты, мемлекеттік қызметті өткеру, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР ПрезидентініңХалыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kzсайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, сауалнама жүргізілгеннен соң,  тақырыптық  бейнероликтер көрсетілді.

0
0
399

Осы тақырып бойынша