Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтау қалалық білім бөлімі басшыларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы жиын өткізді.

Ақтау қалалық білім бөлімі өзіне қарасты білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы жиын өткізді.

Онда Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Қ.Байгебаев "Білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдері" туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшыларына "Адал ұрпақ" жобасының жұмысын жандандыру мен келесі жылға жұмыс жоспарын бекіту, "Ашық бюджеттің интерактивті картасы" жобасы бойынша келесі жылғы қаржылық жоспарларын publicbudget.kz сайтына енгізу, ISO 37001: "Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі" халықаралық стандартын енгізу, қамқоршылық кеңестері мен ата-аналардың ұсынысы және арыз-шағымдарын жан-жақты қарау, жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау жөнінде нақты тапсырма берілді.

0
0
134

Осы тақырып бойынша

Ақтау қалалық білім бөлімі басшыларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы жиын өткізді. - Yvision.kz