Ақтан Керейұлының туғанына биыл 170 жыл толуына орай челлендж өтті
Ақын Ақтан Керейұлы 1850 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келіп, 1912 жылы дүние салған.
Атасы Абдолла ел аузында аңыз болып қалған айтулы атбегі. Ақтан Абыл, Нұрым, Марабай дәстүрімен өлеңді қолма-қол шығарған. Ол Орынбор, Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Маңғыстау алқабындағы елдерді аралап, ақын, жыраулармен кездесіп, жиын-тойларда той бастап, жыр толғайды. Нұрым, Қашаған, Қоспақ, Жаскілең, Нұрпейіс сияқты ақын, жыраулармен бір жүріп, өнер таратады. Ақтан Керейұлының туғанына биыл 170 жыл толды. Мерейлі датаға орай аудан жастары арасында ақынның шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында челлендж өтті.
