Ақтан Керейұлының 170 жылдығы
Ақтан Керейұлының 170 жылдығына арнап оқылған ақын өлеңдерінен үзінді.
Ақын Ақтан Керейұлы 1850 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келіп, 1912 жылы дүние салған.
Атасы Абдолла ел аузында аңыз болып қалған айтулы атбегі. Ақтан Абыл, Нұрым, Марабай дәстүрімен өлеңді қолма-қол шығарған. Ол Орынбор, Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Маңғыстау алқабындағы елдерді аралап, ақын, жыраулармен кездесіп, жиын-тойларда той бастап, жыр толғайды. Нұрым, Қашаған, Қоспақ, Жаскілең, Нұрпейіс сияқты ақын, жыраулармен бір жүріп, өнер таратады.
https://www.facebook.com/100011935813663/videos/965142363893615/
