Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

А. Тәшенова: Қалиевтың арқасында Мамай жаяу жүреді

Демпартия жетекшісі Жанболат Мамай көлік жүргізу құқығынан айырылды. Мұндай шешімді белсендінің сот шешімін орындамағаны үшін ше Алматының №2 Әуезов аудандық соты шығарды. Сотқа өтінішті жеке сот орындаушысы берді, деп жазды заңгер Айжан Тәшенова фейсбуктегі парақшасында.

«Сот Мамай мен Иманбаеваға лицензиялар, рұқсаттар, арнайы құқықтар беруге тыйым салу, сондай-ақ Мамайдың жүргізуші куәлігінің қолданылуын уақытша тоқтата тұру туралы шешім шығарды. Алайда, Иманбаева үшін бұл тармақ 2017 жылы оның жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты өзекті емес», - делінген жазбада.

Жауапкерлер Мамай мен Иманбаева сот шығарған шешімнің әділдігі мен заңдылығын мойындай отырып, сот шығындарын толық өтеген. Алайда видеоларды теріске шығару және жою туралы талап әлі орындалған жоқ.

«Мамай мен оның заңгері Е.Қалиевтің іс-әрекеттерінің қисынсыздығының тағы бір мысалы – сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыруға тырысуы.

Кешегі отырыста Қалиев жала жапқан видеоны жоюды және оны жария түрде теріске шығаруды кейінге қалдыру туралы аудандық сотқа өтініш бергеніне байланысты өндірісті тоқтата тұру қажеттілігі туралы айтты. Бұл да оның сот шешімінің әділдігі мен заңдылығын толық мойындағанын растайды», - деп қосты заңгер.

Сондай-ақ ол заңгер Қалиевтің сот процесіне қайтадан еш дайындықсыз қатысқанын сынға алды.

«Өздерінің сәтсіз жеңілістерін жасыруға тырысқан Мамай мен Қалиев тағы да сот отырысынан көрініс ұйымдастыруға тырысты. Қайтадан бос әурешілікке салынып, жалған «дәлелдеріне» жүгінді.Нәтижесінде, Мамайға енді жаяу жүруге тура келеді. Менің Мамай мен Иманбаеваға берер кеңесім – бұдан былай да шектеу шараларына ұшырамау үшін тек сот шешімін толығымен орындау қажет. Жауапкерлерге салынған жаңа санкциялар олардың есін жидырып, олар ақырында дұрыс шешім қабылдап, жалған материалдарды жойып, өздерінің ютуб-арналарында теріске шығаруды жариялайды деп үміттенемін.Егер осы талап орындалса, онда барлық шектеулер дереу алынып тасталады. Бұлай болмаған жағдайда, біз олардың басты «шоуының» - Алматы көшелерін сыпыруларының куәсі боламыз», - деп жазды Айжан Тәшенова.

0
0
194

Осы тақырып бойынша

А. Тәшенова: Қалиевтың арқасында Мамай жаяу жүреді - Yvision.kz