Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбеде дәрі бағасы тұрақты

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов бастаған мобильді топ құрамы «Europharma», «Миллениум», «Провизор» дәріхана желілерінде болды. Партиялық комиссия мүшелері рейд барысында дәрілердің жеткілікті қордың бар екендігіне және дәрілер Денсаулық сақтау Министрлігінің бекіткен шекті бағамен сатылып жатқанына көз жеткізді.

-Біз бүгін 6 дәріханаға бардық. Дәрі-дәрмектің бағасы шілде-тамыз айына қарағанда арзан және тұрақты. Тек 5-10 теңге ғана айырмашылық бар. Дәріханалар бір-екі айға жететін дәрімен қамтамасыз етілген. Сұранысқа орай жеткізіліп отыр. Бұрынғыдай кезек жоқ. Фармацепттердің айтуынша, дәріханаларға күнінен 5-10 адам ғана келеді, - деді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Куканов.

Партиялық бақылау комиссиясы маскалардың да бағасын сұрастырып білді. Қорғаныс құралы қазір 50 теңгеден сатылуда, Сонымен қатар партиялықтар халықпен әңгімелесіп, олардың да пікірін тыңдады. Тұтынушылар дәрі-дәрмектің бағасы қолжетімді екенін айтты.

Бір атап өтерлігі, партиялық бақылау комиссиясы мүшелері бір дәріхананың фискалдық чегінде дәрі-дәрмек атаулары көрсетілмегенін байқады. Бұл олқылықты тез арада жоюға ұсыныс берілді. Партиялықтар жуық арада осы дәріханаға қайтадан келіп, бақылау жұмыстарын жалғастырады.

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Кукановтың айтуынша, мониторингтік жұмыстың мақсаты дәріханалардағы қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына жол бермеу, қызмет көрсетушілер мен тұтынушылардың тәртіпті қатаң сақтап, антисептикалық құралдар мен қорғаныс құралдарын мақсатты пайдаланғанына көз жеткізу болды.

Айта кету керек, Ақтөбе қаласында 278 дәріхана бар.

0
0
140

Осы тақырып бойынша

Ақтөбеде дәрі бағасы тұрақты - Yvision.kz