Yvision.kz
ru
News
News
5 931 жазбалар422 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0
12:23, 22 қаңтар 2021

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне – Аралчинский» жерасты кенішіндегі топтық жазатайым...

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне – Аралчинский» жерасты кенішіндегі топтық жазатайым оқиғаның мән-жайын тергеп-тексеру үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрған комиссия 4 жұмысшының қаза болуының негізгі себептерін анықтады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жазатайым оқиға 2020 жылғы 30 желтоқсанда кешке жарылыс жұмыстарын орындау кезінде орын алған. «Ақтөбе Мыс компаниясы» ЖШС қызметкерлері: тау-кен шебері Асхат Қайқанов, жарушылар Рустам Шәметов пен Денис Черный, жерасты өздігінен жүретін машиналардың машинисі Берік Жақыпов оқиға құрбандары болды.
Еңбекмині топтық жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін тергеп-тексеру үшін Ақтөбе облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Саламат Аманбаевтың төрағалығымен арнайы комиссия құрды.
Осы жазатайым оқиғаға әкеп соққан мән-жайларды жан-жақты және объективті зерделеп, куәгерлерден сұрау барысында жиналған барлық дәлелдемелер базасын ескере отырып және жұмыс берушінің техникалық құжаттамасы мен материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша комиссия осы жазатайым оқиға өндіріспен байланысты деген қорытындыға келді.
Комиссия мынадай негізгі себептерді анықтады: жұмыскерлердің өздерінің өрескел абайсыздығы; жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзуы; жұмыс өндірісінің тиісінше ұйымдастырылмауы.
Комиссия мүшелері қаза тапқан қызметкерлердің туыстарымен кездесіп, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік қорғауға заңды құқықтарын түсіндірді.
Арнайы тергеп-тексеру материалдары процестік шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдарына берілді.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/149858...

***

Комиссия, созданная Министерством труда и социальной защиты населения РК для расследования обстоятельств группового несчастного случая на подземном руднике «Весенне-Аралчинский» в Хромтауском районе Актюбинской области, установила основные причины гибели 4 рабочих.
Как сообщалось ранее, несчастный случай произошел вечером 30 декабря 2020 года при выполнении взрывных работ. Жертвами происшествия стали сотрудники ТОО «Актюбинская медная компания»: горный мастер Асхат Кайканов, взрывники Рустам Шаметов и Денис Черный, машинист подземных самоходных машин Берик Жакупов.
Для расследования обстоятельств и причин произошедшего группового несчастного случая МТСЗН была создана специальная комиссия, под председательством главного государственного инспектора труда по Актюбинской области Саламата Аманбаева.
Всесторонне и объективно изучив обстоятельства, приведшие к данному несчастному случаю, с учетом всей доказательственной базы, собранной в ходе опроса свидетелей, и по результатам изучения технической документации и материалов работодателя, комиссия пришла к выводу, что данный несчастный случай – связан с производством.
Комиссией установлены следующие основные причины: грубая неосторожность самих работников; нарушение правил безопасности и охраны труда работодателем; неудовлетворительная организация производства работ.
Члены комиссии встретились с родственниками погибших работников и разъяснили им их законные права на социальную защиту в соответствии с действующим законодательством.
Материалы специального расследования переданы в правоохранительные органы г. Актобе для принятия процессуальных решений.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/149858...

0
159
0