Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бижан Қалмағанбетов Көптоғайлықтармен кездесті

Бүгін ауданымызға арнайы ат басын бұрған Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бижан Қалмағанбетов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Көптоғай ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен «Экспромт» кездесу өткізді. Кездойсоқ кездесуде зейнеткер ұстаз, Гүлнар Қарабалина Көптоғайда көгілдір отын мәселесі қашан шешілетіндігін қозғаса, көп балалы ана Гүлбарша Қошқарова ауылдың жолы қашан жөнделіп бітетіндігін, жасалынып жатқан жолдың сапасының қаншалықты екендігін сұрады. Қойылған сұрақтарға жауап берген Бекжан Қалмағанбетов ауыл тұрғындарының «Nur Otan» партиясына сенімі зор екендігіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Көптоғай ауылдық округінің орталығында тұратын аға буын өкілдерімен кездесті. Олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ тосып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басты басымдықтарын жан-жақты қамтып, алдағы бесжылдықта атқарылатын жұмыстарды толыққанды жеткізді.

0
0
166

Осы тақырып бойынша

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бижан Қалмағанбетов Көптоғайлықтармен кездесті - Yvision.kz