Ауданның бекітілген жүйелік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 15 желтоқсаны күні Ақсуат ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Қасымханов және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Абилмажинов қатысты. Кездесуде «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен Н.Қасымханов, А.Абилмажинов таныстырды. Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындардан ұялы байланыс орнатылып, интернет желісі тартылса деген ұсыныстарын айтты.