Ақсу -Аюлы ауылында "Қазақстан соғыс жылдары" кезінде атты көрме өтті.
Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.ҰОС–ң даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Г. Жұматаев, Ш Шолтыров, К. Иманқұлов, Е.А. Качан болды. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына қатысты.Олар Ж. Саин, Қ.Қайсенов, Ә. Шәріпов. Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі жолдардың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Б. Момышұлы басқарған 1073 ұландық атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді(Б. Момышұлына 1990ж. Кеңес Одағы Батыры атағы берілді). 316 дивизиясының жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И.В. Панфилов зор еңбек сіңірді. Дубосеково разъезі түбінде 28–гвардияшыл-панфиловшылар жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Мәскеудің қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Төлеген Тоқтаров, Рамазан Аманкелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
