Ақсу ауылдық округі тұрғындарымен кездесу
Бүгін Ақсу ауылдық округінде еліміздің басты заң құжаты Ата Заңымызға түзетулер мен өзгерістер енгізілуіне байланысты ауыл жастары мен тұрғындарына түсінік жұмыстары жүргізілді.
Конституцияға енгізілетін өзгерістерде әрбір қазақстандықтың мүддесі көзделеді. Сондықтан президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу арқылы халықтың өзінің таңдау жасауына жол ашты. Президентіміздің пікірінше, референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беріп, жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады.
#ReferendumAMANAT
