Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақсоғым ауылдық округiнiң тұрғындарымен кездестi.

5 қаңтарда Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер - Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев, Мирхат Жұмашев жəне Мереке Тлеков Ақсоғым ауылдық округiнiң тұрғындарымен кездестi.

Жиында "Nur Оtan" партиясының бағдарламалары арқасында Теректi ауданында атқарылған iстер баяндалды.

Тұрғындар қазiргi жағдайларының жақсы екенiн жеткiзiп, мектептi күрделi жɵндеуден ɵткiзу, Ақсоғым ауылына кiреберiс жолды асфальттау, интернат мəселесiнiң шешiлуiн сұрады.

Жүздесуде "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Жиын соңында депутаттыққа үмiткерлер Ақсоғым ауылының тұрғындарын партияны қолдауға шақырды.

0
0
150

Осы тақырып бойынша

Ақсоғым ауылдық округiнiң тұрғындарымен кездестi. - Yvision.kz