Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақшаттықтар кандидаттарды қолдайды

Ақшаттықтар кандидаттарды қолдайды

Аудан орталығынан шалғай жатқан Ақшат ауылына аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар А. Қалмағамбетов, Г.Волкогон, А. Камзаева,А.Талдыбаев,ЖМухамбетов және аудандық сайлауалды штаб мүшесі А.Шотпанов келді. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының шеңберінде ауыл жұртшылығымен тілдескен үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ақшаттықтардың да тілектері мен өтініштеріне назар салды.

Жалпы, ауыл тұрғындары үшін бұл жыл өте сәтті жыл болды. Ауылдағы орта білім беретін мектеп күрделі жөндеуден өтіп, заманауи келбет алды, денсаулық сақтау, мәденниет, байланыс нысандары толық жұмыс істеп тұр. Тіпті ауыл жұртшылығына ыңғайлы болу үшін интернет желісінің жылдамдығы да талапқа сай қосылған. Ауылдағы басты көше қатқыл жабдықпен жабылды. Ендігі жерде ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламардың мүмкіндіктерін мүлт жібермей, еңбек етіп, саналы ұрпақ өсіріп, ел бірлігін сақтайтын тірлік етулері керек. Осы жәйттерді тілге тиек еткен үміткерлер еліміздегі басты көшбасшы партия «Nur Otan»ның халық үшін жасап жатқан жұмыстарын жұртшылық қолдау танытып, жүзеге асыруға өз үлестерін қоса бермек деп сенетіндіктерін жеткізді. Партияның «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» т.б. партиялық жобаларының шапағаты ауыл-елге де жетіп жұртшылық қолдауын сезінуде делінген басқосу өзара ортақ шешімге негізделген тұжырыммен аяқталды.Сонымен қатар ауыл тұрғындары тарапынан егістік жерлерді жайылымға аудару, ұзын екі көшенің жолын жасау ( Икалиев , Тихоненко) көшелерін асфальттау, ауруханаға медбикелер жетіспейді деген ұсыныстарын жеткізді.

Осы тақырып бойынша

Ақшаттықтар кандидаттарды қолдайды - Yvision.kz